09:04, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Бен Ладен Пәкістанда емес - министр Рехман Мәлік
ЛОНДОН. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Усама бен Ладен Пәкістанды тастап шыққан, ол Ауғанстанның шығыс бөлігінде жасырынып жүруі ықтимал. Бұл туралы кеше "Санди таймс" апталығына берген сұхбатында Пәкістанның ішкі істер министрі Рехман Мәлік мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Біздің мәліметтеріміз бойынша, Усама бен Ладен Ауғанстанда, Кунар провинциясында жасырынып жүруі мүмкін, себебі Пәкістанның үкіметтік әскерлеріне қарсы ең белсенді әрекеттер жүргізу туралы өкімдер осы Кунардан түсіп жатады», деп хабарлады министр .
«Егер ол Пәкістанда болса, біз ол туралы білетін едік», деп атап көрсетті Пәкістанның Ішкі істер министрі өз сөзінде.