Бен Ладен Пәкістанға көмекті күшейтуге шақырды

АСТАНА. Қазанның 2-сі . ҚазАқпарат - Усама бен Ладен су тасқынынан зардап шеккен пәкістандықтарға гуманитарлық көмекті күшейтуге шақырған аудиомәлімдеме жасады. №1 лаңкес сондай-ақ климаттың жаһандық өзгеру проблемасына тағы бір рет тоқталып өтті,
None
None

деп хабарлады жұма күні «Франс Пресс » агенттігі Исламшыл сайттарды мониторингілеу орталығына (SITE Intelligence Group) сілтеме жасап.

SITE орталығының ақпараты бойынша, «Әл-Кайеданың» негізгі медиа-құрылымы саналатын «Ас-Сахаб» сайтында берілген бұл аудиожазба гуманитарлық көмек алып жатқан Пәкістан тұрғындарын көрсеткен кадрлармен қоса жарияланған.

«Пәкістандағы апаттың ауқымдылығы соншалық, оны сөзбен жеткізу қиын. Қазір бізге шұғыл шаралар, сондай-ақ пәкістандағы мұсылман бауырларымызға көмек жеткізетін қайырымды және жүрек жұтқан адамдар керек», деп мәлім етті бен Ладен 11 минутқа созылған және «Гуманитарлық көмек көрсетудегі іркілістер» деп аталған үндеуінде.

Пәкістанда муссондық нөсердің салдарынан болған су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең күшті апат болып отыр. БҰҰ ақпараты бойынша, табиғат апатынан жалпы есеппен 20 миллиондай адам зардап шеккен, олардың 12 миллионы шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж. Ең аз дегенде, 1,6 мың адам қаза болған, мыңдаған үйлер қираған, апаттан қатты зардап шеккен өңірлерде тұтас ауылдарды су шайып әкеткен.

«Климаттың жаһандық өзгеруінің салдарынан құрбан болғандар тым көбейіп барады... олардың саны соғыс құрбандарынан да асып түсуде», - деп жалғстырды №1 лаңкес өзінің сөзін.

Қаңтар айында бен Ладен жаһандық жылымық тақырыбына тоқталған болатын. Арабтың «Әл-Жәзира» телеарнасы таратқан сол жолғы үндеуінде бен Ладен, жылымыққа өнеркәсіптік дамыған елдер кінәлі деп, айыптаған еді.

Соңғы жаңалықтар