Бен Ладеннің ізіне түскен АҚШ «лаңкестің мұрагер ханзадасын» уыстан шығарып алды

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Америкалықтардың Пәкістандағы рейдтік шарасынан кейін Усама бен Ладеннің үйінде тұрып жатқан ұлдарының бірі ғайып болды.

Бен Ладеннің ізіне түскен АҚШ «лаңкестің мұрагер ханзадасын» уыстан шығарып алды

"Бұл «бірінші нөмірлі лаңкестің» кенжесі және ең қауіпті ұлы 20 жастағы Хамза болуы мүмкін деген күдік бар. Ол бала күнінен жасырын соғыс қимылдарына араласып, британ парламентшілерінен оған «лаңкестің мұрагер ханзадасы» деген лақап ат берілген еді", - деп жазады Newsru.com.

Лаңкес өлтірілген соң Пәкістанның арнайы қызметі ұстап отырған Бен Ладеннің үш жесірі тергеу барысында Усама бен Ладен ұлдарының бірі ғайып болғанын растады, деп жазады The Daily Telegraph.