Бендиден Қазақстанның құрама командасы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Вячеслав Бронниковтың покері мен голдық доп шығаруы Қазақстанның құрама командасына Норвегияның командасын жеңуге көмектесті,
деп хабарлады Vesti.kz .
Бұл жеңіс ағымдағы әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы үшін алғашқысы болды. Бүгін бендиден отандық шеберлер Финляндияның командасымен кездеседі.