Benetton, Zara сынды брендті киімдер енді Қазақстанда шығарылған жүннен жасалатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан Италияға өңделген жүн өнімдерін экспорттау басталды. 72 тоннадағы жалпы көлемнен Жамбыл облысынан алғашқы 18 тонна топс, яғни жұқа негіздегі қой жүнінің жартылай фабрикаты Аппенин түбегіне жөнелтілді, деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстанда өңдірілген топс, киім тігу бойынша еуропалық алдыңғы қатарлы Benetton, Zara, Gruppo Marzotto, H&M, Fratelli Piacenza S.P.A., Lanerossi, Marchi e fildi S.p.A. компаниялардың ақырғы өнімінде қолданылатын болады. Аталған өнімді жеткізуге итальяндық фирмалардың бірімен «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамына кіретін «ҚазАгроӨнім» АҚ мәміле жасасты. Бірегей табиғи өнім - қой жүнінен таза жүнді топс шығару 2012 жылы Жамбыл облысы аумағындағы «ҚазАгроӨнім» АҚ мен «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. Топс өңдеу барысы итальяндық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылады, бұл өңделетін қой жүнінің сапасын жақсартуға және ақырғы өнімді әлемдік стандарттарға сәйкес етуге мүмкіндік берді. Топс өңдеу бойынша жабдық Холдинг құрамындағы басқа еншілес компания - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылық қолдауымен Еуропадан жеткізілді. Болашақта Кеден Одағы елдерінде жуылған жұқа жүн жеткізуді қайта бастау мүмкіндігі қарастырылуда. Сөйтіп, өнімді экспортқа шығару отандық өндірушіге табыс көлемінің артуына, өнімнің тиімділігін арттыруға және әлемдік нарықта тауарды танымал етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар