«Бенфика»-«Астана»: есеп 2:1-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында өтіп жатқан «Астана» мен «Бенфика» командаларының кездесуінде есеп 2:1-ге жетті.
None
None

Бенфика Астананың есептегі басымдығына есе қайтара білді. Ойынның 39-минутында португалдықтар гол соқты. Рауль Хименес гол авторы атанды. Айта кетейік, Астана ойынның басында екі гол салды. Алдымен кездесудің 20-минутында Патрик Твумаси есеп ашса, ойынның 30-минутында «Астана» сапынан Аничич есепті еселеген. Айта кетейік, бүгінгі матчта, өкінішке орай, «Астана» сапында Жолшиев шыққан жоқ. Қарсыластардың қатарында алты бірдей маңызды ойыншы: Сальвио, Луизао, Нелсон Семеду, Фейса, Линделеф, Гайтан алаңға шыға алмады. Еске сала кетейік, бұның алдында «Астана» мен «Бенфика» кездескен болатын. Биыл қыркүйекте Португалияда өткен матчта лиссабондықтар сапындағы Николас Гайтан командасына жеңіс сыйлаған болатын. Бүгінгі матчта аргентиналық шабуылшы ойнай алмайды, себебі соңғы кездесуде ол қызыл қағаз алды. «Бенфика» С Тобында тоғыз ұпаймен көш бастап келеді. «Астана» командасы болса, екі балл жинап, төртінші орынға жайғасқан.

Соңғы жаңалықтар