Бенгал шығанағында туристік кеме апатқа ұшырады, 21 адам опат болды
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Бенгал шығанағында туристер мінген кеме апатқа ұшырады, деп хабарлайды Associated Press.
Оқиға салдарынан 21 адам қаза тапты, сондай-ақ зардап шеккен 13 адамды құтқарушылар тобы жағалауға жеткізді. Қазір жедел іздестіру қызметінің қызметкерлері күйреуге ұшыраған теңіз көлігінде болған тағы 9 адамды іздестіріп жатыр.
Алдын ала болжамдарға қарағанда, барлық туристер Үндістанның тұрғындары екен. Апаттың себептері әзірге белгісіз.