Бензин ақпаннан бастап ай сайын 5 теңгеге қымбаттап отыратыны рас па – министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында жанармай нарығындағы ойыншыларға қатаң сигнал бергенін айтты.

Алмасадам Сәтқалиев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

- Бензин бағасы ай сайын 4 теңгеге қымбаттап отырады деген ақпарат қаншалықты рас, - деп сұрады журналист.

Алмасадам Сәтқалиев алғашқы қымбаттау 4-5 теңгенің дәлізінде болатынын айтады.

- Әзірге сондай бір нақты алгоритм жоқ. Бүгін ашық айттым да. Алғашқы бағаның көтерілуі 5 теңгеге дейін болады деп күтіп отырмыз. 4 теңге болуы да мүмкін. Әрі қарай бағаның өзгеруіне біз өте қатты ден қоямыз. Біз нарыққа айтарлықтай сигнал бердік. Біз өндірушілерге де, жеткізушілерге де монополиядан табыс табуға жол бермейміз, - деді шенеунік. 

- Сонда ай сайын 5 теңгеге дейін өседі деп отырсыз ғой, - деп сұрады журналист.

Министр оны алғашқы қымбаттаудан кейінгі ахуал көрсетінін атап өтті.

- Бағаның алғашы көтерілуі 5 теңгеге дейін деп айтуға болады. Әрі қарай қалай болатынын мен айта алмаймын, - деді ол. 

Еске салсақ, үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетіні мәлім болған еді

Соңғы жаңалықтар