Бензин бағасы алғашқы кезеңде 210 теңгеге дейін баруы мүмкін – А. Сәтқалиев

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында ақпан айында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 210 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін айтты.

Продажу бензина АИ-80 планируют ограничить в Узбекистане до конца 2025 года
Фото: pixabay.com

- Бірінші қадамда баға 210 теңгеге дейін қымбаттайды деп бағдарлап отырмыз. Әрі қарай неше қадам жасайтынымызды нарық реттеуі керек. Біздің міндет бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болады.

Біз соншалықты бір күйрететіндей өзгеріс күтіп отырған жоқпыз. Бұған дейін бензин бағасы 400 теңгеге дейін барады екен деген ойланбастан айтылған мәліметтер тарады. Ондай өсуге жол бермейміз, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Еске салсақ, үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетіні мәлім болған еді

Соңғы жаңалықтар