Бензин бағасы негізсіз өсуі ықтимал - Сүлейменов

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың соңында инфляциялық процестер күшеюі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Айлық инфляция 0,5 пайыздан төмен болған наурыздан қыркүйекке дейінгі инфляцияның салыстырмалы тұрақтылығына қарамастан, ағымдағы жылдың соңына дейін төмендегідей әлеуетті қауіптердің аясында инфляциялық процестердің күшеюі мүмкін. Біріншіден, маусымдық факторлады ескере отырып және мейрам қарсаңындағы күндердің аясында 4-тоқсанда дәстүрге сай жемістер мен көкөністердің және ауыл шаруашылығы тауарларының бағасы өседі», - деді ол.

Оның айтуынша, екіншіден Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарланған жөндеу жүргізу жұмыстары  аясында бензинге бағаның негізсіз өсуі мүмкін. Бұл қалған тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағасы мен тарифтерінің өсуіне әкеп соғады.

«Үшіншіден, жылыту маусымы кезеңінде бірқатар өңірлерде қатты отынға бағаның күрт өсуі байқалады. Мысалы қыркүйекте Астана қаласында 19, Алматы облысында 16,4 және Ақмола облысында 10,6 пайызға өсті. Сонымен бірге, басқа өңірлерде осы тауарға баға салыстырмалы төмен болып қалуда», - деді Тимур Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар