Бензин бағасының көтерілуіне алғышарттарды байқап отырғанымыз жоқ -Энергетика вице-министрі Ә. Мағауов

АСТАНА.ҚазАқпарат - Алдағы айларда Қазақстанда бензин бағасының көтерілуіне әсер ететін себептер байқалып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.
None
None

«Біздің нарыққа 30-35 пайыз (жанар-жағармай) көлемінде Ресейден жеткізіледі. Сәйкесінше, Қазақстанда жанар-жағармай бағасының деңгейі Ресейдегі жанармайға көтерме бағаның деңгейімен анықталады. Жалпы, жақын айларда қандай да бір бағаның көтерілуіне алғышарттарды байқап отырғанымыз жоқ»,-деді вице-министр.

Осы орайда ол жаздың басталуына байланысты Ресейде бензинге бағаның маусымдық көтерілуі орын алатын кездер болатынын, алайда айтарлықтай елеулі өзгерістер болмайтынын сөз етті.

Бұдан бөлек ол Қазақстандағы отынның қорына тоқтала келе: «Дәл қазір қолымда нақты ақпарат жоқ, бірақ та екі апта бұрын Үкіметке тиісті есепті тапсырған болатынбыз. Онда бізде екі-үш айлық мұнай өнімдерінің қоры бар екені хабарланған еді»,-деді.

Соңғы жаңалықтар