Бензин ішуге құмар жігітке жанармай бекетіне кіруге тыйым салынды
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Англияның жергілікті соты бензинге құмар 45 жасар тұрғынына жанармай бекетіне кіруге тыйым салды.
Шетелдік БАҚ мәліметі бойынша, 45 жасар Брайн Тайлор есімді азамат тек бензиннің иісін иіскеумен шектеліп қалмастан, оны ішуге де қатты құмартқан. Бензин ішкен соң есалаң адамдарша билеп, жұрт мазасын алатын көрінеді. Сол себепті 2005 жылдан бері бірнеше рет жанармай бекетінен бензин ұрлап ішкені үшін темірторға да қамалған.
Алайда 2013 жылдың соңғы күні ол қайтадан құмарлыққа бой беріп, жергілікті жанармай бекетіне кіріп бензин ұрлап ішіп отырған жерінен қолға түскен. Сот шешімі бойынша оған Англия аумағында жанармай бекетіне кіруге тыйым салынды. Сонымен қоса 16 апта қамауға алынып, 120 стерлинг айыппұл төлейді.