Бензин мәселесі жіті бақылауымызда тұр - БҚО әкімі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында АИ-92 бензинінің тапшылығына қатысты еш проблема жоқ . Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Бензин мәселесі жіті бақылауымызда тұр - БҚО әкімі

«Иә, мұнай өнімдеріне қатысты айтар болсам, бензин тапшылығы орын алған кезең де өтті. Тіпті, әкімдік алдына көліктерін қойып, акция да ұйымдастырылды. Қабылданған шаралардың арқасында бұл проблема бүгінде реттелуде әрі бақылауда. Ресейден және басқа да жақтан тікелей бензин әкелетін жанармай құю стансалары бар. 92 бензині еркін саудалануда», - деді облыс басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің зауыттарынан жанармайдың қажетті көлемі өңірлерге жөнелтілуде. Бұл жанармай саласындағы ахуалды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

«Дегенмен, 92 бензинінің бағасы реттелетіндігін, ал 95 бензинінің құны реттелмейтіндігін атап өткім келеді. Көлігіне 95 маркалы бензин құятындар өте аз. Өйткені, баға айырмашылығы 20-30 теңгені құрайды. Екі бензин де қымбат көліктерге құйылады», - деді Н.Ноғаев.