Бензин тасымалдаушы көлік өртеніп, 60-қа жуық адам тірідей жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының батысында автомобильмен соқтығысқан бензин тасымалдаушы көлік отқа оранып, салдарынан 60 адам қаза тапқан. Бұл туралы сенбі күні Agence France-Presse қайғылы оқиғаны көзімен көргендерге сілтеме жасап хабарлады.
Бұдан бұрын Reuters агенттігі 50 адамның қаза тапқанын және 100-ге жуығының зардап шеккенін мәлім еткен болатын.
AFP деректері бойынша келеңсіз жағдай осы елдің астанасы Киншаса қаласынан батысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан Мбуба елді мекенінде болған.
«Біз сол жерден 53 адамның жанып кеткен денесі табылды. Тағы жетеуі көршілес Кисанту ауылының ауруханасында күйік шалу салдарынан көз жұмды»,-деп қосты қайғылы оқиғаны көргендердің бірі.