Бензин тасымалдаушы көлік жарылысы: Қаза тапқандар саны 89-ға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танзанияда бензин тасымалдаушы көлік жарылып, 89 адамның өмірі қиылды. Бұл туралы жергілікті The Citizen газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  1. Басылымның жазуынша, тағы 25 адам ауруханада жатыр. Олардың тоғызын қатты күйік шалған.

    Айта кетсек, 10 тамыз күні Морогоро қаласында бензин тасымалдайтын көлік аударылып, әкеле жатқан жанармайының барлығы төгілген де, артынша өртеніп кеткен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, сол маңға жиналғандардың бірі тартқан темекінің шоғы түсіп, от тұтанған.


Соңғы жаңалықтар
telegram