12:05, 30 Мамыр 2023 | GMT +5
«БерӘлі» компаниясының жұмысшыларына жалақысы бұрынғы мөлшердегі басқа жұмыс ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен жұмысқа орналастыру мәселелеріне қатысты кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Телеграмдағы ҚМГ көшпелі жұмыс тобының Жаңаөзендегі қызметіне арналған ресми арнаға сілтеме жасап.
29 мамырда Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-нің басшылығы «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен кезекті кездесу өткізді.