16:45, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
Беранек әлемдік рейтингте 218-ші орында
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Әлемдік coachworldranking сайты ұлттық құрамаларды жаттықтыратын бас бапкерлердің рейтингін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек 218-ші орында тұр, деп жазады «Аламан».

Беранек Таити, Парагвай құрамаларының бапкерінен жоғары, ал Доминика, Палестина құрамаларының жаттықтырушыларынан төмен орналасқан. 2012 жылы Беранек 268 орында болған.