Беранек ұлттық құрамадағы жұмысын жалғастырады
АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек өз жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлады «Аламан».
Негізі, ҚФФ мен чех маманы арасындағы келісім шарт осы тамыз айында аяқталуы керек еді. Бірақ Беранек ұлттық құраманы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі аяқталғанда дейін жаттықтырады. Одан кейінгі жұмысын жалғастыру жалғастырмауын ҚФФ шешетін болады. Қазақстан құрамасы енді алда Фарер және Швеция құрамаларымен іріктеу ойындарын өткізеді.