Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Б.М.Сапарбаевты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылсын .

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 25 ақпан

№ 854

Соңғы жаңалықтар