Bereke Bank 100 млрд теңгеге облигация шығарады
АСТАНА. KAZINFORM – Bereke bank 100 млрд теңгеге (әрқайсысының номиналды құны мың теңгеден) 100 млн облигация шығарылымын жариялады.
Бұл банктің төртінші облигациялық бағдарламасы болмақ. Облигациялардың айналым мерзімі үш жылды құрайды, сыйақы жылына екі рет төленеді.
«Жылдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің купондық кезеңде әрекет ететін базалық мөлшерлемесінің 0,3% белгіленген маржаны алып тастағандағы орташа мәні ретінде есептеледі», - делінген Bereke bank хабарламасында.
Банк нақтылағандай, сауда-саттықтың басталуы туралы ақпарат кейін Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланады.
Бұған дейін KASE 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап бұрынғы облигациялық бағдарлама бойынша қолданыста болған Bereke Bank облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлаған.
Бұл облигациялар KASE ресми тізіміне 2023 жылдың 1 қыркүйегінде «коммерциялық облигациялар» санатында енгізілген. Олардағы сауда 2023 жылдың 13 қыркүйегінде ашылды.
Еске сала кетсек, катарлық Lesha bank «Бәйтерек» ұлттық холдингінен Bereke bank-ті сатып алды. Келісім 2024 жылдың 31 наурызында жасалған. Мәміле сомасы 65 млрд теңгені құрады.
Bereke bank-ті катарлық Lesha bank-ті сату бойынша мәміленің аяқталуы шамамен биылғы шілде айының соңында күтілуде.
«Береке» банкін сатудан түскен ақша Ұлттық қорға түседі.