Bereke Bank-ті сату қаншалықты тиімді болды

Bereke Bank
Фото: Bereke Bank

АСТАНА. KAZINFORM — «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Bereke Bank-ті сату шарты еліміз үшін қаншалықты тиімді болды деген сұраққа жауап берді.

«Әрине, бізге оны сатудан пайда түсті... Бас банкпен келісіміміз бар және өзара есеп айырысу аясында аталған келісімшартты өз пайдамызға қарай жасадық», - деді Н. Айдапкелов.

Дегенмен ол катарлықтардың шарттарына қатысты нақты мәліметті айта алмады.

«Келісімшартқа қатысты ресми сауал жолдағандарыңыз дұрыс болар. Дәл қазір кейбір деректерді ұмытып, қате айтуым мүмкін. Сондықтан холдингтің баспасөз қызметі нақты жауап береді», - деді «Бәйтерек» өкілі.

Еске салсақ, қатарлық Lesha Bank «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінен Bereke Bank-ті сатып алды

Келісімге 2024 жылғы 31 наурызда қол қойылған. Мәміле сомасы 65 млрд теңгені құраған.

«Бәйтерек» холдингі 2022 жылдың қыркүйегінде «Сбербанк Қазақстан» компаниясының иесі болды. Кейінірек Сбербанк атауы Bereke Вank болып өзгерді.

Соңғы жаңалықтар