Berekе Bank-ті қай елдің инвесторлары сатып алуы мүмкін

None
Фото: forbes.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Berekе Bank-ті қай елдің инвесторлары сатып алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде «Бәйтерек» холодингі оның акционері саналады. Бұл тұрғыда Berekе Bank-ке жаңа инвестор табу және жаңа меншік иесін табу бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастырды. Әлеуетті инвесторларға қатысты тоқталсам, Қатар инвесторлары жағынан, Грузия банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі жағынан тиісті ұсыныс болды. Атап айтқанда, тиісті келіссөздерді «Бәйтерек» холдингі жүргізеді», - деді Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Қазақстанда жаңа банктерді ашу талаптары жеңілдетілуі мүмкін екенін айтты.9

Сонымен қатар, елімізде екі жаңа банк құрылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар