Bereke Ваnк-ті Қатар инвесторлары сатып алмақшы

АСТАНА. KAZINFORM – Бәйтерек» холдингі мен қатарлық тараптың арасында Bereke Ваnк-ті сатуға қатысты келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

банк
Фото: Bereke Bank

«Иә, қазіргі уақытта банк акционері „Бәйтерек“ холдингі мен қатарлық тараптың арасында келіссөз жалғасып жатыр. Әзірше қандай уағдаластыққа келгені, шарттары қандай болатынына қатысты мәлімет жоқ. Меніңше, қазіргі уақытта келіссөз жалғасу үстінде», — деді агенттік төрағасы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, Bereke Ваnк лицензиясы әмбебап саналады. 

«Бұл банктің лицензиясы әмбебап саналады. Сондықтан ол қызметін әмбебап лицензияға сәйкес жүзеге асырады. Исламдық қаржыландыру емес», — деді Мәдина Әбілқасымова.

Өткен жылдың наурызында «Бәйтерек» (ұлттық басқарушы холдинг) Bereke Bank акциясын сату үшін инвестор іздей бастайтыны айтылған еді.