Берік Әбідғалиұлы 5 өңірдің атауын қазақшалау туралы: Пайымым ұсыныс күйінде қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде 5 облыстың атауын қазақшалау туралы ұсынысына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпан айының аяғында сіз Қазақстанның 5 облысының атауын қазақшалау туралы ұсыныс айтқан едіңіз. Ол ұсыныңызбен әріптестеріңіз (аталған облыстардың әкімдері – ред.) соншалықты келісе қоймады. Ал облыстағы қалалардың атауын өзгерту ойыңызда жоқ па?», - деп сұрады журналист Орталық коммуникациялардың көшпелі брифингісінде.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл ұсынысты ол «Қазақ тілі» республикалық қоғамының төрағасы ретінде көтерген.

«Менің «Қазақ тілі» республикалық қоғамының төрағасы екенімді білесіздер. Ғылыми конференциялардың бірінде өзімнің пайымымды айтқан едім. Мен ол пайымымды өзімнің қоғамдық жобаларым аясында бұрын да айтқанмын. Бұл – менің пайымым. Ол ұсыныстар сол күйі ұсыныс қалпында қалды», - деді Берік Әбдіғалиұлы.


Соңғы жаңалықтар