Берік Бегалиев Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Берік Дүйсенбайұлы Бегалиев Жамбыл облысы әкімінің қоғамдық-саяси, жастар ісі жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

Берік Бегалиев1989 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласында туған.

Білімі – жоғары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заңгер бакалавры және ҚР Президенті жанындағы мелмекеттік басқару академиясы бизнес және басқару магистрі.

Еңбек өтілін Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінде «Жастар практикасы» маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары Шу аудандық жастар орталығы консультанты, ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар орталығы директорының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты, Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

Бұған дейін Жамбыл облысы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар