Берік Камалиев Ақтөбе қаласында ведомствоға бағынысты мердігер және еншілес мердігерлік ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізді
ТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат. 28 қазанда ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ведомствоға бағынысты мердігер және еншілес мердігерлік ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізді,
деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жиналыста бірнеше маңызды мәселе талқыланды. Біріншісі, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліздің құрамына кіретін Ақтөбе - Мартөк - РФ шекарасы (0-102 км) автомобиль жолын қайта салу жобасын іске асыруға байланысты проблемалық мәселелері қаралды.
Автомобиль жолын және қосалқы ғимараттарды (көпірлер, су жіберетін құбырлар) қайта салу барысы туралы (Басты мердігер - «Дженгиз Иншаат Санийи Ве Тиджарет А.Ш.» акционерлік қоғамының филиалы (Түркия), еншілес мердігер - Иврус ЖШС) мәселе талқыланды.
Сонымен қатар, «МАС-ТАК» ЖШС Ақтөбе қаласының жол пайдалану учаскесін және Мартөк кентінің жол пайдалану пунктін қайта салыну барысы туралы, сондай-ақ, құрылыстың бақылаушы консультанты Egis International компаниясының есептері тыңдалды.
Жиналыстың қорытындысы бойынша, министр Берік Камалиев бірқатар тапсырмалар берді. Автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облыстық департаментіне өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың учаскелерін қайта салумен айналысып жатқан, құрылыс компанияларының жұмысына бақылауды, сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар жолдар желісін қысқы мерзімде учаскедегі басты мердігерлер және эксплуатациялық компаниясы «Казавтожол» РМК АОФ күтіп ұстауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Ақтөбе - Мартөк - РФ шекарасы автомобиль жолын қайта салып жатқан «Дженгиз Иншаат Санийи Ве Тиджарет А.Ш.» акционерлік қоғамының филиалына 2011 жылы 8 400 млн.теңге көлемінде қаржы игерілуін қамтамасыз ету және келісілген жұмыс кестесіне сәйкес 40 шақырым төменгі қабаттың асфаль-бетондық жабынын салу бойынша жоспарланған көлемдерді орындау, нысанды қысқы кезеңде көлік құралдарының қозғалысын қауіпсіз және тоқтаусыз жұмыс істеуіне дайындықты қамтамасыз ету, 2012 жылға құрылыс мерзіміндегі жұмыстарға қажет ДСМ жол құрылыс материалдарын және бұйымдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Egis International компаниясына Бас мердігердің ағымдағы жылға жоспарлаған жұмыстарын орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету, сондай-ақ, нысандағы жұмыс жүргізу технологиясына, қолданылатын материалдарды және бұйымдардың сапасына бақылауды күшейту тапсырылды.