Берік Қамалиев инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Берік Қамалиев ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды», - деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Одан бұрын Б.Камалиев «Казакстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті болып қызмет еткен.
Түрлі жылдары бірқатар коммерциялық құрылымдардың жетекшісі, «Казагропромтехника» облыстық бірлестігінің төраға орынбасары, Қарағанды облыстық автокөлік жолдары басқармасының басшысы болған.
2004-2005 жж. - ҚР Премьер-Министрі кеңесшісі; 2005-2006 жж. - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі транспорттық инфрақұрылымды дамыту Комитетінің төрағасы.
2006 жылы Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары жөніндегі әкім орынбасары, кейінірек Қарағанды облысының бірінші орынбасары.
2009 жылы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.
2010-2011 жж. - ҚР индустрия және жаңа технологияларминистрінің орынбасары; 2011-2012жж. - көлік және коммуникациялар министрі; 2014-2015 жж. - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы; 2015-2016 жж. - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті болған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Альберт Рау ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, Тимур Тоқабаев министр орынбасары болды.