Берік Асылов: Елімізде жол апаты 90 пайыз көбейді
АСТАНА. KAZINFORM - Бас прокурор Берік Асылов елімізде жол апаты көбейгенін айтты.
Осыған байланысты прокурорларға бірқатар тапсырма берілді.
«Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90% өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс орын алып жатыр. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы ЖКО-ның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым», - деп жазды «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы ЖКО-ның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым.
— Berik Asylov (@Asylov_GenPr) October 2, 2024
Бұған дейін бас прокурор балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталғанын айтқан еді.