Берік Асылов: Еңбек құқығын бұзғандарға салынатын санкция мардымсыз

берік асылов
Фото: Kazinform

Ірі бизнеске еңбек құқығын бұзғаны үшін салынатын әкімшілік санкция мөлшері мардымсыз. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазіргі уақытта АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы соңғы апат фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол прокуратураның бақылауында тұр. Мұндай қайғылы жайт жауапты тұлғалардың жұмысшылардың қауіпсіздігіне дұрыс қарамауының, сонымен қатар құқықтық реттеу мен мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігімен байланысты түрлі фактордың қалыптасуының салдары», - деді Берік Асылов.

Мәселен, оның атап өтуінше, ірі бизнес субъектілеріне жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзғаны үшін салынатын әкімшілік санкция (айыппұл көлемі 500 мың теңгеден аспайды) мардымсыз. Сондықтан оларға тәртіпке жазаға тарту әдісі жұмыс істемейді.

«Бұған қоса, заңнамалық актілерде жарақаттану және қауіпсіздік техникасы ережелерінің өрескел бұзылу фактілері байқалған кәсіпорындарды жыл сайын тексеруге мүмкіндк беретін нормалар жоқ», - деді Берік Асылов.

Бас прокурордың атап өтуінше, мұндай кәсіпорындарға заңнамалық шаралар қабылдауға қатысты мәселе ел Үкіметінде қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, 46 кенші қаза тапты.

 

Соңғы жаңалықтар