Берік Асылов Конституциялық сотқа жүгінді

берік асылов
Фото: Kazinform

Бас прокурор Берік Асылов Конституциялық сотқа жүгініп, Конституциялық кеңестің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3 нормативтік қаулысының 6-тармағын түсіндіру жөнінде өтініш жасаған. Осыған байланысты Конституциялық сот құқық қорғау органдарының, сот әкімшілігі, Әділет министрлігінің өкілдерін және сарапшыларын тыңдады.

Өтініште тергеу судьясының жекелеген тергеу әрекетіне санкция беру туралы шешім қабылдауы кезінде прокурордың қатысу мүмкіндігі туралы мәселе көтерілген.

Бас прокуратура прокурордың қатысуы сотқа дейінгі тергеу сатысында заңның сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттікті тиімді орындауға мүмкіндік беретінін атап өткен. 

Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес Конституциялық соттың шешімі заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Конституциялық соттың интернет-ресурсында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар