Берлин Афинаның несиелендіру бағдарламасын ұзарту туралы өтінішіне қатысты мәлімдеме жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия Афинаның Грекияны несиелендіру бағдарламасын алты айға ұзарту туралы өтініштеріне қарсылық танытты.
Берлин өтінішті негізсіз деп тапты. Өйткені Греция осыған дейінгі ЕС/МВФ қаржылық көмегінің талаптарын орындамады, деп хабарлады Reuters. Грецияны несиелендірудің қазіргі бағдарламасы 1 наурызда аяқталады. Осыған дейін Еуротоп төрағасы Йерун Дейсселблум еуроаймақтың қаржы министрлері жұма күні Брюссельде жиын өткізіп, өтініш бойынша шешім қабылдайтынын айтқан. Германия қаржы министрлігі Грекияның ұсынысына қарсы шықты. Берлин елдің жаңа үкіметі сөздерінде тұрып, қатаң экономикалық саясат пен экономикалық реформаларды жүргізетініне күмәндануда. Қаңтардың аяғында ЕОБ басқарушы кеңесіне кіретін, Финляндия Банкінің басшысы Эркки Лииканен Грекия экономикасын құтқару бойынша бағдарламасының мерзімін уақытында ұзартпаса, Еуропалық орталық банк Грецияға қарыз беруді жалғастыра алмайтынын хабарлаған.
Грекияның Премьер-министрі, жуырда билікке келген СИРИЗА партиясының көшбасшысы Алексис Ципрас 8 ақпанда ел бұрынғы үкімет Еуропалық одақ және Халықаралық валюта қорымен бірге бекіткен экономиканы тұрақтандыру жоспарын ары қарай жүзеге асырудан бас тартатынын және ЕО басшыларынан оның мерзімін ұлғайтуды сұрамайтынын айтқан, деп хабарлады Reuters.