11:50, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Берлин кинофестивалінде Әмір Байғазиннің «Жаралы періште» фильмі көрсетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің «Жаралы періште» фильмінің премьерасы Берлиннің 66-шы халықаралық кинофестивалінің аясында өтті.

Фильмнің табысты премьерасы туралы Әмір Facebook-тегі жеке парақшасында жазды. Ол сондай-ақ фильмді шығарған бүкіл түсіру тобына алғысын білдірді.
Картина өмірінде түрлі қиындықтарға жолыққан жасөспірімнің қиын тағдыры туралы баяндайды.
Еске сала кетейік, «Жаралы періште» - бұл Әмір Байғазиннің екінші картинасы. Оның «Үйлесімділік сабақтары» атты бірінші жұмысы жоғары халықаралық баға алып, 2013 жылы Берлинде көрсетілген.