Берлин марафоны кейінге қалдырылды

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - 27 қыркүйек күні өтуі тиіс Берлин марафоны белгісіз уақытқа кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Берлин марафоны кейінге қалдырылды

Берлиндегі бұл бәсеке әлемдегі ең әйгілі марафондар қатарында. 2018 жылы кениялық Элиуд Кипчоге аталған марафонды 2 сағат 1 минт 39 секундта жүгіріп өтіп, ерлер арасындағы әлемдік рекорды орнатқан болатын. Биыл COVID-19 індетіне байланысты марафонның өткізілу уақыты әлі анықталған жоқ.

Айта кетелік, әлемге жайылған індетке байланысты Лондон мен Бостондағы марафондар да кейінге шегерілген болатын.