Берлин соты мұсылман оқушының мектепте үзіліс кезінде намаз оқуына рұқсат етті
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Берлиннің әкімшілік соты 16 жасар мұсылман-оқушы М.Юнуске (Yunus M.) үзіліс кезінде намаз оқуға рұқсат етті және оқу орнының әкімшілігін осы мақсаттар үшін оған тиісті орын-жай бөлуге міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Сот мектеп оқушысы бес уақыт намазды қаза етпеу оның діни борышы екеніне және кей намаздарды біріктіріп оқуға болғанымен, ол сәждеге бес рет жығылуы керектігіне бұлардың көздерін жеткізген.