Берлинде 160 мыңнан астам адам партиялардың саясатына қарсы шеруге шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Берлинде демонстранттар орталық оңшыл ХДО/ХСО мен әсіре оңшыл «Германия үшін балама» партиясы арасындағы ынтымақтастыққа наразылық білдірді. Бұған дейін партиялар көші-қон саясатын қатаңдату үшін бірлесіп дауыс берген болатын.

В Берлине более 160 тысяч человек вышли на митинг
Фото: x.com/BoschJeffray

Осы демалыс күндері Германия көшелеріне он мыңдаған адам шығып, ХДО жетекшісі Фридрих Мерц ұсынған қатаң иммиграциялық саясатқа және консервативті ХДО/ХСО блогының Бундестагтағы «Германия үшін балама» оңшыл партиясымен ынтымақтастығына қарсылық білдірді.

Ең үлкен митингілердің бірі Берлинде өтті. Қала полицейлерінің мәліметінше, оған 160 мыңға жуық адам қатысқан. Демонстрацияны ұйымдастырушылар қатысушылардың санын 250 мың деп есептейді. 

Белсенділер Рейхстаг маңына жиналып, Тиргартен саябағы арқылы Ландвер каналының жағасындағы ХДО-ның федералдық штаб-пәтеріне дейін жүрді.

- Мен бұл туралы Мерц мырзаға мейіріммен айтқан едім, оның алған жақсы тәрбиесі туралы тағы бір мәрте еске түсірдім. «Фашистермен ойнамайды» деген сөз бар. Ол тырысты, мен оның былайша айтқанда, теріс қылығы үшін лайықтысын алады деп үміттенемін, - деді наразылық білдірушілердің бірі.

Берлиндегі наразылық акциясы «отқа иөзімді қабырға» - «Брандмауэр үшін митинг» атауына ие болды. Германияда негізгі партиялардың ешбір жағдайда оңшылдармен ынтымақтаспау туралы шешімі осылай аталды. Дәл осындай шерулер демалыс күндері бүкіл елде өтті. 

Наразылық білдірушілер мен солшыл саясаткерлер Германия канцлері лауазымына жетекші үміткер саналатын Фридрих Мерцті тыйымды бұзғаны үшін айыптады. 

Мерцтің өзі ұстанымының өзгермегенін және «Германия үшін балама» партиясымен жұмыс істемегенін және жұмыс істемейтінін, парламенттегі дауыс беру жай ғана кездейсоқтық екенін алға тартып отыр. 

Еске сала кетсек, Германия парламенті ХДО-ның иммиграциялық реформаларын қабылдамады.

Германияда кезектен тыс сайлау 23 ақпанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар