Берлинде «Абай үйі» ашылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім еткендей, шара аясында «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, онда Германиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері Омбыда (Ресей), Ташкентте (Өзбекстан), Ыстанбұлда (Түркия) ашылған болатын. Сонымен бірге «Отандастар қоры» КЕАҚ шет мемлекеттерде «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері желісін ашуды жалғастыруда.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Қуаныш Әмірғазиев, «Отандастар» қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Германия-Қазақстан қоғамының директоры Галина Нұртазинова, Қазақстан Республикасының Баден-Вюртембергтегі құрметті консулы Доротея Халлер-Лейбле, Германиядағы қазақ қауымының өкілдері және тағы басқалары қатысты.