23:35, 10 Мамыр 2020 | GMT +5
Берлинде алапат өрт болды
БЕРЛИН. ҚазАқпарат –Берлиннің солтүстігіндегі Тегель ауданында ірі өрт болды. Бұл туралы қаланың өртке қарсы қызметі бүгін, жексенбіде Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алапат жалын Флорштрассе көшесіндегі бірнеше қойма нысанын шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға орнында 110 жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары жақын маңдағы көшелерді жапты. Билік тұрғындарға терезелер мен есіктерін жабуға шақырды. Алдын ала деректерге қарағанда, зардап шеккендер жоқ.
RBB радиостанциясының хабарлауынша, төтенше жағдай орын алған аумақта кондитерлік өнімдер шығаратын Storck кәсіпорны мен көтеру жабдығын өндіретін Otis компаниясы орналасқан.