Берлинде Ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдегі ең ірі жәрмеңке-көрмесі өтуде

БЕРЛИН. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат/ /Юлия Чернова/ - ГФР Ауыл шаруашылығы министрі Ильзе Айгнер мен Берлин бургомистрі Клаус Воверайт бейсенбі күні кешке халықаралық делегация өкілдерінің қатысуымен «Жасыл апталық-2009» халықаралық көрме-жәрмеңкесін ашты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдегі ең ірі жәрмеңке-көрмесі болып саналатын бұл шара осымен 74-ші рет өткізіліп отыр. Қаңтардың 25-іне дейін созылатын халықаралық жәрмеңкенің 26 көрме залында 1600 стендте әлемнің 56 елінің өнімдері таныстырылуда. Қазақстанның көрме стендінің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Оразаев, Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов, «ҚазАгроИнновация», «ҚазАгро» компаниялары мен басқа да фирмалардың басшылары қатысты. Бүгін «Жасыл апта» көрмесі аясында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Германияның Тамақ, Ауыл шаруашылығы және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау федералды министрлігінің арасында «Қазақстан-герман аграрлық-саяси диалогы туралы» бірлескен мәлімдемеге және немістің «GFA» компаниясы мен «ҚазАгроИнновация» ұлттық компаниясының арасында «Қазақстан-герман аграрлық-саяси диалогын жүзеге асыру туралы» келісімге қол қойылады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар