Берлинде көлік өртеу оқиғалары тоқтамай тұр
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен түні Берлинде белгісіз біреулер ашық автотұраққа қойылған тағы да бірқатар жеңіл автокөлікті өртеп кетті,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС полиция өкілдеріне сілтеме жасап.
«Шпандау мен Нойкельн аудандарында төрт автокөлікті өртеп кетті. Ал Кройцберг ауданында екі мотоцикл мен бір жеңіл автокөлік отқа оранды. Марцан-Хеллерсдорф ауданындағы бір мопед де осындай қастандықтың құрбанына айналды», - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.
Шұғыл шара қолдану барысында бір күдікті қолға түсті. Ол полицияда бұзақылық әрекеттерге әуес адам ретінде есепте тұрған 28 жасар ер азамат болып шықты.