Берлинде көлік бір топ баланы қағып кетті
БЕРЛИН. KAZINFORM — Берлинде көлік адамдар тобына соқтығысты, зардап шеккендер арасында балалар бар, деп хабарлайды , деп хабарлайды BILD
Берлиннің Веддинг ауданында бүгін күндіз BMW маркалы автокөлік бір топ адамды қағып кетті.
Жол апаты шамамен 13:10-да Зеештрассе мен Донагештелль көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік бұрылыста 7–8 жастағы балалар тобын қағып кеткен. 15 баланың үшеуі жеңіл жарақат алған.
Сонымен қатар, балаларды ертіп жүрген тәрбиешілердің бірі ауыр жарақат алғаны хабарланды. Көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ, ал автокөліктің сол жақ алдыңғы шамы бүлінген.
Айта кетелік Германияда жұмыссыздар саны үш миллионнан асты.