Берлинде метеобақылау жүргізудің соңғы 100 жылынан сәл астам уақыттың ішінде наурыз айының ең жоғары температурасы тіркелген

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - 16 наурызда неміс астанасында метеобақылау жүргізудің 100 жылынан астам уақытындағы наурыз айының ең жоғары температурасы тіркелген.

Берлинде метеобақылау жүргізудің соңғы 100 жылынан сәл астам уақыттың ішінде наурыз айының ең жоғары температурасы тіркелген

Метеорологтардың хабарлауынша, сынап бағаналары осында, сондай-ақ Бранденбург федералдық жерінде 22 градусқа дейін жоғарылаған.

Осылайша, жұма 1909 жылдан бері жүргізіліп отырған метеобақылаудың басталуынан бері наурыздың ең жылы күніне айналды. Бұған дейінгі жоғары көрсеткіш 2005 жылдың 16 наурызында, сынап бағаналары 18,4 градус жылылықты көрсеткенде тіркелген.

Метеоролог мамандар жексенбіге қарай Берлинде күн райы 13 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр жауатынын атап өтеді.