Берлинде он елшіліктің ұйымдастыруымен Әз Наурыз мейрамы аталып өтті
![None None](/static/img/plug.webp)
Мерекелік іс-шаралар Далем мемлекеттік этнологиялық мұражайында болды. Әз Наурызды тойлауға Федералдық үкіметтің және Бундестагтың, қоғамдық-саяси, іскер құрылымдардың, дипломатиялық корпустың, Германияның сараптамалық және журналистік топтарының өкілдері қатысты.
Атап өтер жайт, аталған мемлекеттердің өкілдері өздерінің қолөнерімен, салт-дәстүрімен, ұлттық жабдықтарымен жиналған қауымды тәнті етті. Сонымен қатар әр мемлекеттің елшіліктері өз елдерінде танымал ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынды.
Ұлыстың ұлы күні болған шара 10 мемлекет өнер ұжымдарының мерекелік концертімен жалғасты. Жиналған жұртшылық Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің өнерін тамашалап, қазақ өнерінің рухани байлығына тағы бір мәрте көз жеткізді.
Берлиндегі ҚР Елшілігінің қонақтарға ұсынған көрмесінде Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен халықаралық сахнадағы және Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үздік бастамалары таныстырылды.