Берлинде Ресей, Германия, Франция, Украина Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері басталды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Берлинде Ресей, Германия, Франция және Украина Сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды, деп хабарлады «Интерфакс».

Берлинде Ресей, Германия, Франция, Украина Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері басталды

БАҚ-тың хабарлауынша, төрт елдің министрі протокол бойынша жиын алдында суретке түсіп, кеңесуге кетті.

Жиынның алдында Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер кездесуде қандайда ортақ келісімге қол жететініне күмәнданатынын айтып, сұхбат берген. Дегенмен де бұл кездесулер Украинадағы саяси ахуалдың реттелуіне жол іздеуі қажет екенін жеткізген.