Берлинде саяси директорлар деңгейінде Украина бойынша «нормандық форматта» кездесу өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей тарапы «нормандтық форматта» Украина бойынша берлиндік кездесуге қатысатынын растады, деп хабарлады ТАСС. Германия астанасындағы дипломатиялық дереккөз Украина бойынша «нормандтық форматтағы» кездесу 5 қаңтарда Берлинде директорлар деңгейінде өтетінін мәлім етті.
«Ресей тарапынан Берлиндегі кездесуге (5 қаңтар) СІМ ТМД елдерінің екінші департаментінің директоры Виктор Сорокин қатысады, - деді агенттіктен.
ТАСС деректері бойынша сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі кездесуі де таяуда болуы мүмкін. Welt газеті төрт елдің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтетінін жазды. Олар: Ресей-Сергей Лавров, Германия - Франк-Вальтер Штайнмайер, Франция - Лоран Фабиус, Украина - Павел Климкин.
Желтоқсанның соңында Украина президенті «нормандтық форматтағы» жоғары деңгейдегі кездесу Астанада 15 қаңтарда өтетінін хабарлаған болатын.