Берлинде Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған шара өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жогорку Кенеш делегациясының Германияға жасаған сапарының аясында жазушы Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылды, деп хабарлады КирТАГ Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берлинде Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған шара өтті

Берлин қаласының Гумбольд атындағы университеттің Орталық Азия бойынша мамандандырылған кафедрасында кеше, 24 сәуірде ҚР делегациясының қатысуымен қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған шара өтті. Оған Гумбольд атындағы университеттің студенттері мен оқытушылары, Берлиндегі қырғыз диаспорасы, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Германия министрліктері мен ведомстволарының қызметкерлері, сондай-ақ оқырманда қатысты. Кеш Ш.Айтматов туралы қысқа деректі фильмнің көрсетілуімен басталды.

ҚР-ның Германиядағы Елшісі Болот Отынбаев Ш.Айтматовтың Қырғызстан тарихында және қырғыз әдебиетін шет елде, соның ішінде Германияда таратудағы маңызды рөлін атап өтті.

ЖК депутаты К.Иманәлиев Ш.Айтматовтың қырғыз-германиялық мәдени ынтымақтастығының дамуына қомақты үлес қосқанын айтты.

Сондай-ақ бұл күні К.Иманәлиевтің «Қырғыздар» кітабының неміс тілінде жазылған нұсқасының («Kirgisen») тұсаукесері өтті.