Берлиндегі Франция, Ресей, Германия, Украина Сыртқы істер министрлерінің кездесуі аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлинде Германия, Ресей, Франция, Украина Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері аяқталды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Кездесу 5 сағатқа созылды. Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер жиыннан соң мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, бірнеше пункт бойынша мәселеде алға жылжу болды, енді оны министрлер мемлекет басшыларына баяндайды.
«Бұл өте қажет кездесу, Ресей, Франция, Украина министрлеріне келіп, қатысқаны үшін алғыс айтамын. Қарулы әрекеттерді қалай тоқтатамыз, сол туралы сөйлестік. Ұзақ талқылау болды. Жергілікті халыққа гуманитарлық қолдау көрсету - мәселесі басты тақырып», - деді ол.