Берлиндегі турнир: Теннисші Елена Рыбакинаның кездесуін қайдан көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-ші орын) Берлин қаласындағы bett1open турнирінде ресейлік Полина Кудерметовамен (139-шы орын) жарысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Берлиндегі турнир: Теннисші Елена Рыбакинаның  кездесуін қайдан көруге болады
Photo: sports.kz

Матч 20 маусым күні өтеді. Тікелей эфир Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Осы мына жерден көруге болады.

Еске сала кетсек, Елена Рыбакина Берлиндегі турнирге екінші нөмірмен белгіленген. Жеңіске басты үміткер - Беларусь спортшысы Арина Соболенко (WTA рейтингінде 2-ші) — ол бірінші нөмірмен белгіленді. Елена Рыбакинаның соңғы жарыстарына келетін болсақ, ол «Ролан Гарроста» үшінші айналымға жетті, бірақ ауруына байланысты шығып кетті.
Полина Кудерметоваға келер болсақ, ресейлік теннисші Берлинде өткен турнирде іріктеуден бастап, екі матчта жеңіске жетті.