Берлиндік мұсылмандар Құран көшірмелерін тегін таратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлин қаласының мұсылман жастарынан құралған белсенді топ қасиетті Құран Кәрімнің неміс тіліне аударылған көшірмелерін тегін таратуды қолға алды, деп хабарлады www.muslim.kz.

Берлиндік мұсылмандар Құран көшірмелерін тегін таратты

Бұл науқан Ислам дінінің шынайы бет-бейнесін танытып, оның лаңкестік пен зорлық-зомбылықтан ада мейірім діні екенін көрсетуге бағытталған.

Қасиетті Құран тарату акциясы жақын күндері Франкфурт, Гамбург және Бонн қалаларында жалғасын таппақ. Бұл қадам соңғы уақыттары Еуропада көтеріліп келе жатқан антиисламдық көзқарастарға қарсы жасалып отыр.

PEGIDA деп аталатын антиисламдық қозғалыс өткен жылы бірнеше митинг ұйымдастырып, «Батыстың исламилануына» қарсы шаралар өткізген болатын. Осы себепті де, неміс жастары бейбіт түрде оларға қарсы күрес жүргізу керек деп есептейді.