Берлускони ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлускони жүрек ақаулығымен ауруханаға түсті. Дегенмен 79 жастағы саясаткердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
None
None

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони Милан ауруханаларының біріне жеткізілді. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Саясаткердің жүрегі сыр берген. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Берлускони 1994-1995, 2001-2006 және 2008-2011 жылдары Италияның премьер-министрі лауазымында болған. 

Соңғы жаңалықтар