09:17, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Берлускони Италияның ең бай адамы атағынан айрылды
РИМ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат – Италияның Премьер-министрі Сильвио Берлускони елдің ең бай адамы мәртебесінен айрылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиосына сілтеме жасап. Әлемді әбіржіткен экономикалық дағдарыстың салдарынан Берлускони өз капиталының 30 пайызын жоғалтып отыр. «Форбс» журналының мәліметтері бойынша, енді Италияның ең бай адамы ? Микеле Ферреро. Ол шоколад шығаратын компанияның иесі.